Сарайдан ұшқан сәуле немесе Патыша Абдолланың өлімін естігенде

/uploads/thumbnail/20170708164856589_small.jpg

Қастер Сарқытқан

               ***** Бір ғасырға жуық көріп жарықты, Қаншама жыл басқарып ед халықты. Мұхитына еркін жүзген дәулеттің, Патшаны ажал жетіп, алыпты.   Талғамының биігіме, қатесі, Отыз әйел жесір қалды ертесі. Қырық млрд. жиған екен тірлікте, Жеті ұл мен он бес қыздың әкесі.   Тек құрметпен көмкерілген ғұмыры, Құлап тынды, жалған болып тұғыры. Атсыз бейіт нүкте болып қалқайды, Секілденіп бәйтеректің тұғылы. ***** Кімге мәлім қандай, қанша татары, Жұлдызының жарқырауы, батары. Бір жас жігіт мәңгілікке аттанып, Достарының сиреп еді  қатары.   Өмір бойы еңбегімен еті өлген, Бір бөлмелі пәтер тиіп "өтелген". Байтақ қазақ даласының  мұңын ол, Аядайын бөлмесінде көтерген.   Бұла қырдың, өршіл мінез бұланы, Ұлты болған ғұмырының ұраны. Қалды артында байлық емес, мұраты, Жалғыз ғана жары менен ұланы. ***** Бір мұңлы жыр басталатын әлдиден, Шығарып та  салады екен пәниден. Ғарыш жақтан келіп-кетіп жатқандай, Сәуле көрем жүрегіммен әр үйден.   Сондай сәуле ұшып шықты сарайдан, (Сарайларда қалып еді талайдан). Ескі үйден ұзап кеткен  сол сәуле, Барлығы да жаралған бір арайдан.   Дүниеде  өмір-өлім тел екен, Өмір -есік, жақсы өлімі - төр екен. Патша да, азаматта елі үшін, Еңбек етсе, тәңір алды тең екен.  

Қатысты Мақалалар